Notice: file_put_contents(): Write of 676 bytes failed with errno=28 No space left on device in /www/wwwroot/muzbon.net/system/url_helper.php on line 265
Ақерке Жумаш - Ұстазға Арнау | Скачать MP3 бесплатно
Ұстазға Арнау

Ұстазға Арнау

Ақерке Жумаш

Длительность: 3:09
Год: 2023
Скачать MP3

Текст песни

Әр қатесіз басылған қадамдарға,
Дәл ұстаздай қуанар адам бар ма?!.
Тәлім алған сіздердей жанашырдан,
Біз сияқты шәкіртте арман бар ма?

Өз тағдырын білімсіз құрамақ кім?,
Ұстаздарым- бастауы ұлағаттың.
Балалықпен жасаған қылығыма,
Басымды иіп кешірім сұрамақпын.

Мектеп-кеме, ұстаттың ескегін де,
Қамқорлығың шәкірттер естерінде.
Білім нәрі мәңгілік азық болар,
Өмір-мектеп жалғанның бес күнінде.

Сынақтарда тұрсамда құлап та өзім,
Сен дарытқан дос болды бірақ төзім.
Ұстаздарға мың алғыс даналықпен,
Ашып берген санамда бұлақ көзін.

Әзіз тұтқам ұстазды бәрінен де,
Мақтан етіп жүрермін тәлімін де .
Қоңыраудың аңсаған сыңғыр үнін,
Шәкірт сезім басымдау әлі менде.