Сағым Дүние
Батыр
3:51Сенің бала кезіңді Көрдім бүгін бір қыздан. Сенің тана көзіңді Көрдім бүгін жұлдыздан, Көрдім бүгін жұлдыздан. Қайырмасы: Жүзді жалғыз күн бірге Жанымда жоқ өзге ешкім. Білмедің бе, білдің бе? Мен сенімен кездестім, Мен сенімен кездестім. Сенің мөлдір жасыңды Көрдім бүгін жаңбырдан. Сенің ерке дауысыңды Таптым құздан жаңғырған, Таптым құздан жаңғырған. Қайырмасы. Сенің балғын шағыңды Айтты бүгін тал құрақ. Сенің сұлу әніңді Айтты бүгін бал бұлақ, Айтты бүгін бал бұлақ. Қайырмасы (2 рет). Сенің бала кезіңді Көрдім бүгін бір қыздан. Сенің тана көзіңді Көрдім бүгін жұлдыздан, Көрдім бүгін жұлдыздан. Қайырмасы.