Esine Alyp Turasynba
Baxa
3:07Қызым менің – Анасының ай, күні, Қызым менің – Әкесінің айбыны. Әке деген бір сөзіңе садаға, Дүниенің бақыты мен байлығы! Шаттық сыйлап, өміріме Сен келдің ғой, жарығым. Сарқылмайтын көңіліме Дем бердің ғой, жарығым. Қуаныштан жарылуға шақ тұрып, Мен өзіңді аялаймын шат күліп. Қызым менің – Анасының ай, күні, Қызым менің – Әкесінің айбыны. Әке деген бір сөзіңе садаға, Дүниенің бақыты мен байлығы! Өмірімді ертегіге, Айналдырдың, жарығым. Әр сәт сайын ертеңіңе, Ойландырдың, жарығым. Жанарыңа қалмау үшін шық тұнып, Мен өзіңді қорғап өтем тік тұрып. Қызым менің – Анасының ай, күні, Қызым менің – Әкесінің айбыны. Әке деген бір сөзіңе садаға, Дүниенің бақыты мен байлығы!