Kutemin
Bayansulu
3:16Төніп тұрса төбемде күн Демің бе деп елеңдедім Қою түнгі қара көздің Мұң шықтарын сен емдедің Бәлкім сен де ойлайсың ба? Тұнық сырға бойлайсың ба Айдан жолдап сәлеміңді Бір серпілтіп қоймайсың ба? Тыныштық бер жүрегіме Құлақ аспа тілегіме Сезім шоқты тығып қойғам Жұмыр жердің жүрегіне Күліп келем күлкім емес Тек әйтеуір сылқым елес Сені ойдан арылтпақпын Бірақ әттең бірақ әттең мүмкін емес Ару айдың қанатынан Тұман мұңдар таратылған Сәулем менің қайда жүрсің Қарша бұлттан жаратылған Самал желмен тербейсің бе? Ыстық күнмен емдейсің бе..? Сені іздеуден тұншығамын Желге мініп келмейсің бе..?! Тыныштық бер жүрегіме Құлақ аспа тілегіме Сезім шоқты тығып қойғам Жұмыр жердің жүрегіне Күліп келем күлкім емес Тек әйтеуір сылқым елес Сені ойдан арылтпақпын Бірақ әттең бірақ әттең мүмкін емес