Сағындым Алматымды(Alternative Mix)
Музарт
4:20Адалдықтан айнымай арды ойлаған Араласар ортасын таңдайды адам Таныстарың жақсы ғой досқа айналса Дос танысқа айналса қандай жаман Достық деген - сырлас жан табылғаны Жолдасы үшін жанының ауырғаны. Жаратқаннан жақсылық тілеп жүрген Жақсыларды құрметте жаныңдағы Біреу досым жоқ дейді, Біреу досым көп дейді. Көңілдерін қалдырма Достар көптік етпейді Жау келсе де жаныңнан, Жанашырың кетпейді, Бұл дүниеде барлығы Сыйластыққа жетпейді Өткен күндер алысқа жырақтайды, Адалдықтың туын ол құлатпайды. Дос жылатып айтқанмен, шынайы дос, Сені ешқашан өмірде жылатпайды Шаттық әнін шырқасын қосылып ел, Жақсы адамдар жақсының досымын дер. Қуанышын сезейік әрбір сәттің, Қайта айналып келмейді осы күндер.