Men Seni Kutkem

Men Seni Kutkem

Dosjan Ubi

Альбом: Men Seni Kutkem
Длительность: 3:38
Год: 2025
Скачать MP3

Текст песни

1. Тым сүйкімді қыз,
Махаббатың өртеді…
Ал айналамыз,
Секілді бір ертегі…

Жапалақтап қар,
Құлпырады бақтар,
Кетпеші алыс…

2. Бір самал есіп,
Сипалады бетімді…
Жауады ақ қар,
Ақ жүрегің секілді…

Сезіммен дара,
Тек екеуміз ғана,
Билейік вальс…

Қ/сы:
Жаныма кел,
Қолыңды бер,
Қып-қызыл ерінің мен,
Қыпшы бел…
Шын сүйгендіктен,
Мен сені күткем…

Сен және мен,
Махаббатпен…
Мөп-мөлдір көздерің,
Жұлдызға тең…
Шын сүйгендіктен,
Мен сені күткем…

Мен өзіңді кездестіргелі,
Сезім тербеді мені…
Өмірімнің соңына дейін,
Сүйікті етемін сені…

Жүрекке жақын,
Тек сенің атың…
Алтыным…

Арнаймын мен уақыттың бәрін
Саған жаным…
Тек сенімен бақыттың дәмін,
Сезе аламын…

Әдемі боп көрінем,
Жаным-ау тек сенімен…

Қ/сы:
Жаныма кел,
Қолыңды бер,
Қып-қызыл ерінің мен,
Қыпшы бел…
Шын сүйгендіктен,
Мен сені күткем…

Сен және мен,
Махаббатпен…
Мөп-мөлдір көздерің,
Жұлдызға тең…
Шын сүйгендіктен,
Жаным-ау еркем
Мен сені күткем…