Мен Қазақтың Баласы
Ushkyn Zhamalbek
3:42Алладан келген жарықпыз Алаштан туған алыппыз Ат мініп, атан қомдаған, Ат төбеліндей халықпыз. Төреге тақыт тиесі Ұлы жүз ұлттың киесі Орта жүз жұрттың намысы, Кіші жүз қылыш иесі. Мен қазақ деген ел едім, Жиделібайсын жер едім, Бөлтірік болып көз ашқан, Бөрілі байрақ ер едім. Шығармай бақты уыстан Жақсыға жақсы жуысқан Адамның бәрі жерлестер Қазақтың бәрі туысқан. Тарихым тарғыл таста тұр, Отаным бес жүз жаста тұр, Таққа мінгендер - ақсүйек, Атқа мінгендер - қас батыр. Атырау - Алтай арасы, Қазақтың байтақ даласы. Алты құрлыққа тараған, Алаштың алты баласы.