Notice: file_put_contents(): Write of 647 bytes failed with errno=28 No space left on device in /www/wwwroot/muzbon.net/system/url_helper.php on line 265
Gazizkhan Shekerbekov - Bizdin Kez | Скачать MP3 бесплатно
Bizdin Kez

Bizdin Kez

Gazizkhan Shekerbekov

Альбом: Bizdin Kez
Длительность: 3:23
Год: 2024
Скачать MP3

Текст песни

Кез қайда асық атып, ләңгі ойнаған
Доп теуіп, тезек теріп, арба айдаған
Апыр-ай түсінбеймін осы неге
Мәңгілік бала болып қалмайды адам
Есейген қандай жаман
Парталас құрбы қайда сыныптағы
Дос қайда шұрық тесік шұлықтары
Солармен асыр салып ойнар едім
Алдымнан бір шықса ғой күліп тағы
Кетті ғой құрып бәрі

Ал қазір сол қызықтың қайда бәрі
Ішімді өртеп барады қайғы алауы
Сағынады адамдар өткен шағын
Қазіргі түрін көрсе айнадағы

Кеше мен ғашық болған сұлу қайда
Жүрегім ол жымиса жылынбайма
Ол ару маған қайтып жолықпайма
Басқалар оған енді қырындайма
Ол кездер бұрылмайма
Бір нанды көршім қайда бөліп жеген
Шырқайтын дастарханда көңілді өлең
Есігін қақпай кіріп тар үйімнің
Отыратын едім ғой төрінде мен
Өтті ғой өмір деген.