Анамның Жаққан Ошағы
Әліби Бекайдар
3:45Өмірдің жолын өткерген Көктеммен күзін көп көрген Қыз болып қырдан гүл термей Тезекпен қызыл шоқ терген Анамды аңсап барғанда Сəн беріп тұрғанба арманға Нұр жалын қара ошағын Сəл суып оттан қалғанба Көңілім сондай босады Жылуын бізге тосатын Қазаны оттан түспейтін Қызуы қайтіп өшпейтін Анамның жаққан ошағы Ақ бауырсағын бісірген Дəмді қып асын бісірген Анасның ошағыменен Қарызбын құшақ ішінен Түтіні түзу шығатын Күйесі кие жұғатын Анамның қазан ошағы Бəрінен биік болады Көңілім сондай босады Жылуын бізге тосатын Қазаны оттан түспейтін Қызуы қайтіп өшпейтін Анамның жаққан ошағы Күңіреткенде көз көрген Өшірмеймін деп сөз берген Тезегін қалап аузына От жағып жатты ақ жеңгем Айналып қана кетейін Қадіріңе қайтіп жетейін Жеңешем асы біскенше Əн салып күйін шертейін Көңілім сондай босады Жылуын бізге тосатын Қазаны оттан түспейтін Қызуы қайтіп өшпейтін Анамның жаққан ошағы