Ademim
Izbasar Kenesov
3:50Ғаламшары қалықтаған Ғарыш деген жарық ғалам Бір жұлдызын жарып маған Сені бергендей Сол жұлдыздан түсе сала Желмен маған есе сала Ой—санама көше сала Келдің үндемей *q—sy:* Таң емес екен түнді ұрлайтын Сенің ерекше көркің екен Бұлақтар емес сыңғырлайтын Сенің сұлу күлкің екен Шулайтын, тулап, сарқырайтын Өзен—көл емес, сезім екен Жұлдыздар емес жарқырайтын Сенің сұлу көзің екен Жете алмадым санап қадам Бітсе деймін қанат маған Сонда ғана самғап барам Сенің жаныңа Бағытымды тауып еріп Саған сезім алып келіп Жүрегіңе салып беріп Кетсем бола ма? *q—sy:*