Қазақ Аруы (Live)

Қазақ Аруы (Live)

Қайрат Баекенов & Format Band

Альбом: Live 2017
Длительность: 4:35
Год: 2022
Скачать MP3

Текст песни

Қазақ аруы
Сөзі\слова: Қанат Жүнісов
Әні\музыка: Қайрат Баекенов 

Менің жаным мәңгі,
Сұлулыққа ғашық.
Сүйдім сұлу жанды,
Жұлдызға сыр ашып.

Арманымның гүлі,
Еркем.
Махаббаттың жыры.
Бәрінен де көркем,
Сен деп жүректен сыр шертем.

Қайырмасы:

Әлемде жоқ қой әлемде,
Шіркін, сұлу, қазақ аруындай!
Сәнімен нәзік жанымен,
Қол жеткізбес жарқырап Айдай.
Ажарлы қандай!

Тәтті қылығы,
Көңіл тұнығы,
Сезім шырыны - әнім.
Белің бұралып,
Жүрші нұрланып, жаным.
Арманымның гүлі,
Еркем.
Махаббаттың жыры.
Бәрінен де көркем,
Сен деп жүректен сыр шертем.

Қайырмасы:

Әлемде жоқ қой әлемде,
Шіркін, сұлу, қазақ аруындай!
Сәнімен нәзік жанымен,
Қол жеткізбес жарқырап Айдай.

Тебіренбес ақын,
Сұлуға ғашық болмаса.
Жүрегіне жақын,
Жан болар жырын арнаса.
Сезім мәнсіз бәлкім,
Өртеніп-күйіп жанбаса.
Айымсың, сен.
Күнімсің, сен.
Гүлімсің, сен.