Қалай Да
Қуандық Рахым
3:24Сен ғана, сен ғана, ең сұлу, ең дара, Сен ғана, сен ғана, сен ғана. Мен ғана, мен ғана, бағыңды ашатын – ер бала! Сен кеме, мен жаға, Тосатын толғана, Сен күнсің, ал мен жер, Сен сары, мен қара. Мен ауыл, сен қала, Әнімді арнадым – ең жаңа. Көңілім – кең дала, серігің мен ғана, Жақында жаныма, ем бола. Аңсарым – сен ғана, көзіме кел, қара, Сен маған! Мен болам, мен болам, Өзіңсіз мұңды адам. Мөп-мөлдір көзіңде, Мөлт еткен көл болам. Аңсатпай түсімде – Кел маған! Ай сәулелі аппақ түн, Түсіме енші, тәп-тәттім. Өзіңді ойлап жатпақпын, Көзімді ілмей. Жұлдыздай боп жанарсың, Өңімде де боларсың, Ғашық болып қаларсың Өзің білмей. Мен болам, мен болам, Өзіңсіз мұңды адам. Мөп-мөлдір көзіңде, Мөлт еткен көл болам. Аңсатпай түсімде – Кел маған! Сен кеме, мен жаға, Тосатын толғана, Сен күнсің, ал мен жер, Сен сары, мен қара. Мен ауыл, сен қала, Әнімді арнадым – ең жаңа. Әнімді арнадым – ең жаңа.