Notice: file_put_contents(): Write of 656 bytes failed with errno=28 No space left on device in /www/wwwroot/muzbon.net/system/url_helper.php on line 265
Meirambek Besbayev - Бесік Жыры | Скачать MP3 бесплатно
Бесік Жыры

Бесік Жыры

Meirambek Besbayev

Альбом: Аяулыма
Длительность: 4:02
Год: 2023
Скачать MP3

Текст песни

Тәй-тәй басып бөпешім, жүргенің қандай.
Қөз қуаныш көкешім, күлгенің балдай
Аспандағы ай-күнді, аламын дейсің
Асқар таудай айбынды, боламын дейсің

Әлди-әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ, көкем
Анам әкем дейсің бе
Тілің тәтті екен

Әлди-әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен, ертең
Мақтанышы еліңнің
Өзің бол еркем

Баурап тәтті қылығың ән салды жаным
Менің мөлдір тұнығым кәусар бұлағым
Жайнап өскен жан гүлім сенсің ау жаным
Қадамыңа ақ нұры жаусын Алланның

Әлди-әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ, көкем
Анам әкем дейсің бе
Тілің тәтті екен

Әлди-әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен, ертең
Мақтанышы еліңнің
Өзің бол еркем

Әлди-әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ, көкем
Анам әкем дейсің бе
Тілің тәтті екен

Әлди-әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен, ертең
Мақтанышы еліңнің
Өзің бол еркем

Мақтанышы елімнің
Өзің бол еркем
Өзің бол еркем