Досым Сенің Тойыңда

Досым Сенің Тойыңда

Нұркеш Жалғасбай

Длительность: 3:05
Год: 2023
Скачать MP3

Текст песни

Досым неге қабағыңды қар басты
Тоқтаған жоқ өмір көші жалғасты
Өкпелеме өкінбе сен өткенге
Махаббатың оралмайды алғашқы

Ғашықтардың басынан не өтпейді
Маңдайыңа бұйырған жан кетпейді
Саған ғана берілген жоқ бұл өмір
Алаңдама уақыт бәрін реттейді

Көтер басты берілме сен уайымға
Тулап тұрған қаның барда бойыңда
Бәрі жақсы болады әлі күрсінбе сен
Ән саламын досым сенің тойыңда

Махаббат деп аталатын ойында
Бір жеңіліс бір жеңіс бар мойында
Бәрі жақсы болады әлі күрсінбе сен
Би билеймін досым сенің тойыңда

Көктем келсе қырда өседі қызғалдақ
Таңдап-таңдап теруші едік қызға арнап
Қызғалдақтай сол қыздарды достарым
Өсіреді ата-анасы бізге арнап

Жақсы көріп қарағанмен мың қызға
Тек шынайы сүйсінесің бір қызға
Жарқыраған айың барда жаныңда
Қарай берме жымыңдаған жұлдызға