Жас Жұбайлар
Nurzhan Kermenbayev
3:22Өзгеге сені қия алмай жүрмін Басқа адамды мен де сүйе алмай жүрмін Бір кездесейік дей алмай жүрмін Мен неге? Мен неге? Әр айтқан ауыр сөздерім үшін Бәрін жасасаң да өзгеру үшін Бағаламаған кездерім үшін Ренжіме ренжіме Білмеймін бір қоңырау шалам ба Білмеймін қайта саған барам ба Өзіңді сүю тым қиын Ұмыту қиын одан да Бір маңын саяласам бізге таныс көшенің Ақ жүзің көрінердей неге алыстан сенің Мен сені сүймес едім тіпті сүю түгілі Таныспас едім ешқашан Жүрек сені іздеп қалды Көктемдей көңіліме Абайсыз күз кеп қалды Өзгеге сені қия алмай жүрмін Басқа адамды мен де сүйе алмай жүрмін Бір кездесейік дей алмай жүрмін Мен неге? Мен неге? Әр айтқан ауыр сөздерім үшін Бәрін жасасаң да өзгеру үшін Бағаламаған кездерім үшін Ренжіме ренжіме Жүрегім сені әлі сұрап тұр Алдамшы сезім бе екен бірақ бұл Жанарым менің күлгенмен Жүрегім қатты жылап тұр Білемін сен де мені ойлап көз ілдіресің Әр айтқым келіп жүрген сөзді сезіп жүресің Ал енді әрі қарай бәрі қалай болады Өзің білесің барлығын Жүрек сені іздеп қалды Көктемдей көңіліме Абайсыз күз кеп қалды