Мен Қазақтың Баласы
Ushkyn Zhamalbek
3:42Жауратқан күн, мұңды неткен, қоңыр салқын күзгі. Тербетілген ақ қайыңның жапырағын үзді. Арманымның айдынында егіз аққу жүзді. Ғашықтарға қатал тағдыр айырмасын бізді. Жібегім бол, тілегім сол ізгі. Көңілімде жоқ басқаға орын, Жаулап алдың жүрегімнің төрін. Мекен етіп махаббаттың төрін. Қасымда бол айым, Қасыңда болайын. Өзгермейтін қалауым менің. Қызғалдақ гүл көз тоймайтын қарасам да күнде, Мен сен үшін күн боп шығам нұрын төккен гүлге, Айың болам айналсаңда қою қара түнге, Күн кешейін көңіліңе қаяу салмай мүлде. Тілегіміз, жүрегіміз бірге.