Сағынышым Менің

Сағынышым Менің

Шәмші Қалдаяқов & Расул Жармағамбетов

Длительность: 4:25
Год: 2025
Скачать MP3

Текст песни

Сен жанымда жүрсең
Сен жадырап күлсең
Бақыттымын мәңгі, асыл арманым
Жаутаңдаған көзде
Сәуле ойнаған кезде
Шаттығымды елден жасыра алмадым
Желбіреген гүлдей
Жеке шыққан күндей
Сағынышым, жайнап тұршы алдымда
А-а-а
Тауды бұлт асып
Жерге жұпар шашып
Бал бұлақтар тасып
Жатқан кезде
Қырқасынан қырдың
Арасынан нұрдың
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!
Қырқасынан қырдың
Арасынан нұрдың
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!
Құшағыма кіріп
Күле қарап тұрып
Қосылшы әнге сол бір жүрек тербеген
Тал жанына барсақ
Таңды күтіп алсақ
Таңдай әппақ адал тілектерменен
Желбіреген гүлдей
Жеке шыққан күндей
Сағынышым, жайнап тұршы алдымда
А-а-а
Тауды бұлт асып
Жерге жұпар шашып
Бал бұлақтар тасып
Жатқан кезде
Қырқасынан қырдың
Арасынан нұрдың
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!
Қырқасынан қырдың
Арасынан нұрдың
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!
Неге алысқа кеттің
Неге көп іздеттің
Үмітімді мәңгі менің үзгендей
Сағынышты өмір
Қазір шіркін көңіл
Көлде аққу қалқып жалғыз жүзгендей
Желбіреген гүлдей
Жеке шыққан күндей
Сағынышым, жайнап тұршы алдымда
А-а-а
Тауды бұлт асып
Жерге жұпар шашып
Бал бұлақтар тасып
Жатқан кезде
Қырқасынан қырдың
Арасынан нұрдың
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!
Қырқасынан қырдың
Арасынан нұрдың
Еркетайым, сені көріп қалдым ба?!