Notice: file_put_contents(): Write of 681 bytes failed with errno=28 No space left on device in /www/wwwroot/muzbon.net/system/url_helper.php on line 265
Тоқтар Серіков - Көршінің Қызы | Скачать MP3 бесплатно
Көршінің Қызы

Көршінің Қызы

Тоқтар Серіков

Длительность: 3:29
Год: 2022
Скачать MP3

Текст песни

Ғашықтар халқы ұлылық күтті
Орындалмасын кім білген
Қағаз гүлдердің ғұмыры тіпті
Ұзақтау екен шын гүлден

Көршінің қызы керемет еді
Әкесі де оның жақсы адам
Ауылдан біздің неге кетеді
Ауа-райы ма жақпаған

Ол қызға берер антым да дайын
Сағына білдім әр тәулік
Алты құрлыққа атыңды айтамын
Әліппедегі алты әріп

Ештеңе етпес кідіріп кетсе
Уақытың ұзақ көршіңнен
Естелік үшін бір гүлін берсе
Ажалдың өзі кешігер