Барайықшы Дубайға
Жанерке Дүйсембиева
3:26Қыраным күн көтеріп Қазақ боп қанаттандым Ұланым ту көтеріп, Тас жарып талаптандым. Салтанат сәнімменен, Әлемді әнімменен, Аузыма қаратқанмын. Елімнің елдігі ғой Ерлігі бабамыздың Пейілдің кеңдігі ғой Кеңдігі даламыздың Тоқтатқан даудың өзін. Тоқтатқан жаудың өзін. Жаулығы анамыздың Қаратауым қайнарым Алатауым айбарым. Хантаңірім байрағым. Алтай мен тарбағатайым аспандап тұрған Ұлытау көкшетауым дастан боп тұнған Тәңірдің нұры түсіп түңілігінен Қазақпын тауларды да баспалдақ қылған Ананың нақылымен Салт-дәстүр сақтағанмын Әкемнің ақылымен Жеті ата жаттағанмын, Ұғым бар ұлдарында Бұрым бар қыздарында, Ұлтыммен мақтанамын Бір қызақ қиналғанда Мың қазақ жең түреміз. Бір қазақ сыйланғада Мың қазақ желпінеміз. Сатпаған адамдығын, Сақтаған адалдығын Санасы еркін елміз.