Жалған Өмір-Ай
Мәди Ахметқожа
Күздегі күңіренген күндей, Мұңайам да өкпелеймін кімге? Келем үнсіз аңдамай, Өкініш пе бұл қалай, қалай? Жеткізбейтін арман-ай, Өтеді өмір жалған-ай жалған-ай Амал бар ма, өмір осылай? Сынағына көнесің, тағдырыңа ересің. А-а-ай, өтеді зымырай, Жалған өмір-ай Көктемгі жадыраған күндей, Мен қашан жетерімді білмей? Жауыны көп таңдарай, Жаным мұңды бұл қалай, қалай? Өтіп өмір жалған-ай, Әуресіне салған-ай, салған-ай Амал бар ма, өмір осылай? Сынағына көнесің, тағдырыңа ересің. А-а-ай, өтеді зымырай, Жалған өмір-ай.