Notice: file_put_contents(): Write of 708 bytes failed with errno=28 No space left on device in /www/wwwroot/muzbon.net/system/url_helper.php on line 265
Жандос Қаржаубай - Ауылымды Сағындым | Скачать MP3 бесплатно
Ауылымды Сағындым

Ауылымды Сағындым

Жандос Қаржаубай

Длительность: 2:40
Год: 2024
Скачать MP3

Текст песни

Тарту ғып бізге Тәңірім берген,
Ауыл сыйлыққой ұққанмын.
Бейнеттің талай ауырын көрген,
Ашылды бүгін бұлттан күн.
Жақынға болсын қадірім деумен,
Ауылдан ұзап шыққанмын.

Ауыл аймағымды,
Бота тайлағымды,
Сауық сайранымды сағындым.

Шыбықпен жүріп қой кезек қылып бағатын,
Сол кезде бәрі уайымсыз мұңсыз болатын.
Әжемнің құртын мәзір ғып,
Атамның мұртын әзіл ғып,
Дудар-ай әнге салатын,
Жүрегімнің де жүрегі барғой тек ауылым деп соғатын!

Көрінген жанға сәлем беретін,
Тәрбиесі еді ауылдың.
Дәлелдемеяқ дәлелденетін,
Шын адалдығы бауырдың.
Мойындаңдаршы жүректеріңде,
Ауылдарың бар бәріңнің.

Ауыл аймағымды,
Бота тайлағымды,
Сауық сайранымды сағындым.