Notice: file_put_contents(): Write of 660 bytes failed with errno=28 No space left on device in /www/wwwroot/muzbon.net/system/url_helper.php on line 265
Zhazira Bairbekova - Асыл Жарым | Скачать MP3 бесплатно
Асыл Жарым

Асыл Жарым

Zhazira Bairbekova

Альбом: Асыл Жарым
Длительность: 3:55
Год: 2025
Скачать MP3

Текст песни

Сен менің сезімімнің мөлдірісің,
Сенімен сенім жігер келді күшім.
От болсаң ошағымда маздайтұғын,
Жалын болып жаралғанмын сендік үшін.

Асыл жарым ардағым,
Сенімен нұр жан-жағым.
Өміріме нәр берген,
Асыл жарым...

Сен менің таңдап алған тағдырымсың,
Арайлы аппақ алтын таң нұрымсың.
Өтейін аялаумен ардақтаумен,
Бақытым бақшамдағы жан гүлімсің.

Асыл жарым ардағым,
Сенімен нұр жан-жағым.
Өміріме нәр берген,
Асыл жарым...

Сен менің көңілімнің көктемісің,
Ақ сезім ақ жаңбырдай төккені үшін.
Жанымның жазирасы, жасыл бағы,
Жаз етіп жайқалтамын тек сен үшін.

Сен менің жүрегімнің жылуысың,
Еркесі ертегімнің сұлуысың.
Бастауы бақытымның таралатын,
Сен менің сезімімнің тұнығысың.